Полиция қызметіндегі жаңа технологиялар: Алматыда ақылды көзілдірік сынақтан өткізілді
Сурет: ҚР ІІМ
Ол адамның бет-әлпетін ведомстволық дерекқорлар арқылы жедел тексеруге мүмкіндік береді. Құрылғы әзірге пилоттық режимде, бір дана көлемінде қолданылып жатқанына қарамастан, алғашқы практикалық нәтиже көрсетті. Жақында қаладағы мешіттердің бірінде осы құрылғының көмегімен Шымкент полициясының бастамасымен іздеуде жүрген ер адам анықталды.
Ақпарат тексерілгеннен кейін ол ұсталып, одан әрі процестік әрекеттер жүргізу үшін тиісті органға тапсырылды. Технология қызметкерге смартфон немесе планшетке алаңдамай-ақ, адамның бет-әлпеті бойынша іздеудегі тұлғамен сәйкестік болуы мүмкін екені туралы ақпаратты тікелей көзілдірік экранынан көруге мүмкіндік береді.
Бұл әсіресе адам көп жиналатын қоғамдық орындарда патрульдік қызмет атқару кезінде маңызды. Өйткені іздеуде жүрген адамдарды дер кезінде анықтауға жол ашады.
Алматы қаласының полиция департаментінде заманауи технологияларды қолдану жеделдікті арттыруға, іздестіру жұмыстарының тиімділігін күшейтуге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.