Бұрын екі рет сотталған қазақстандық ескі әдетіне басып, тағы да сот алдына келді
Фото: unsplash
Істі Мойынқұм аудандық соты қарады. Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы шілдеде Түркістан облысының тұрғыны TikTok желісінде жалған парақша жүргізген. Ол сол парақшада криптовалютаға инвестиция салуды жарнамалап, жоғары табыс уәде еткен.
Әйелдің сеніміне кіру үшін ол бастапқыда оған табыс ретінде аздаған ақша төлеген.
"Әйел банктерден несие алып, ақша аударуды жалғастырған. Сотталушы түскен ақшаны өз қалауынша жұмсаған", – деп хабарлады сот 2026 жылғы 26 қарашада.
Сотталушының кінәсі тараптардың айғақтарымен, банк шоттарынан алынған үзінді көшірмелермен, ақша аударымдары туралы құжаттармен және істің өзге де материалдарымен дәлелденді.
Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты және өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Жәбірленуші азаматтық талап қоюын қолдап, келтірілген залалды толық өтесе, сотталушыны кешіруге дайын екенін жеткізді.
Сот кінәсін мойындап, өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Сот рақымшылық жасау туралы заңды ескеріп, бұрынғы үкімдер бойынша тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы оған түпкілікті төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ сот сотталған адамнан жәбірленушінің пайдасына 2,1 млн теңгеден астам қаражат өндіру туралы шешім шығарды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Ал АҚШ-та 43 жастағы әйел арсыз алаяқтығы үшін 20 айға бас бостандығынан айырылды. Ол деменцияға шалдыққан егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, ақшасын ұрлау үшін өз баласы қайтыс болды деп өтірік айтқан.