Ұрланған телефондарды сататын халықаралық арнаның жолы кесілді
Сурет: pixabay
Алматыдан Бішкекке жөнелтілген жедел уәкілдер қалада ұрланған түрлі үлгідегі 246 мобильді құрылғыны қайтарып алып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
П. есімді азамат қырғызстандық «әріптесімен» өзара байланыс орнатқан: біздің отандасымыз оған Алматыда ұрланған ұялы телефондарды жіберген, ал оның орнына ол Бішкек тұрғындарынан ұрланған гаджеттерді алған. Қазір күдікті қамауға алынды. Ол өз іс-әрекетін мойындады.Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков
Ведомство өкілі Бішкекке жөнелтілген жедел уәкілдер қаламызда ұрланған түрлі үлгідегі 246 мобильді құрылғыны қайтарып алып келгенін атап өтті.
Қайтарылған ұялы телефондарды Анықтау басқармасының қызметкерлері Алматыда тергеліп жатқан қылмыстық істерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Ұялы телефондардың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript