Алматыда ұрланған смартфондарды өткізу арнасы анықталды
Сурет: polisia.kz
Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған техниканы сатып алып, сақтаумен айналысты деген күдікпен ер адамды ұстады. Іс-шараларды жүргізуге қаладағы мекемелердің бірінде жасалған телефон ұрлығын тергеу түрткі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел жұмыстың нәтижесінде күдіктінің қолынан ұрланған смартфон, сондай-ақ әртүрлі маркалы 30 телефон мен екі планшет тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған техниканың шығу тегі тексерілуде, делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған дерек бойынша қылмыстық жолмен алынған мүлікті біле тұра сатып алу белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тәркіленген техниканың заңды иелерін анықтау, сондай-ақ ұсталған азаматтың мүліктік сипаттағы өзге де қылмыстарға қатыстылығын тексеру бағытында жедел-тергеу іс-шараларының кешенін жүргізіліп жатыр.
"Ұрланған мүлікті сатып алу — мүліктік қылмыстар тізбегіндегі негізгі буындардың бірі. Дәл осындай "делдалдардың" болуы ұрлық фактілерінің көбеюіне ықпал етеді. Сатып алушылардың заңсыз қызметін анықтау және жолын кесу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Тәркіленген барлық мобильді құрылғылар тексеріліп, олардың заңды иелері міндетті түрде анықталады", — деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.
Бұған дейін Алматыда өз бетінше әрекет еткен бір топ адам ұсталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript