Бейтаныс жасөспірімге бәліш сатып алып берген елордалық 122 мың теңгесінен қағылды
Сурет: pixabay
14 жастағы жасөспірім кешке көшеде бейтаныс адамға жақындап, одан бәліш сатып алып беруді өтінген. Бәлішті сатып алу кезінде жеткіншек ер адамның банк қосымшасына кіру паролін көріп алады. Одан телефонын сұрап алған жасөспірім досына 122 мың теңге аударған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақшаны аударған соң ол телефонды иесіне қайтарып берген. Ер адам ақшаның жоғалғанын келесі күні ғана біліп, полицияға хабарласқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Бала ақшаны алып, жұмсап үлгерген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Жасөспірім өзінің кінәсін мойындады. Ювеналды полиция қызметкерлері оны ерекше бақылауға алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript