Елордада өздігінен тұрған көлік сырғанап, аялдамаға соғылған
Сурет: видеодан алынды
Жол апаты орын алғанда көліктің ішінде де, бүлінген аялдама маңында да адамдар болмаған. Жүргізушінің тартқышты (ручник) тартуды ұмыт қалдырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2 желтоқсанда 21 жастағы жүргізуші Қонаев көшесіндегі үйінің маңындағы жол шетіне өздігінен жүруді болдырмайтын тетікті қолданбастан ВАЗ 2114 маркалы көлігін қойып кеткен. Салдарынан көлік сырғанап, аялдамаға соғылған.
Жол-көлік оқиғасы кезінде аялдама бүлінген, онда адамдар болмаған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін Астана қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Астана қалалық ПД баспасөз қызметі
Полиция департаменті жүргізушілерге сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript