Желіге атып алған аңымен түскен суретін жүктеген ер адамның кім екені анықталды
Сурет: polisia.kz
Жетісу облысының полицейлері әлеуметтік желіде атып алынған аюмен суретке түскен ер адамды анықтағандарын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, фотосурет осы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданының тауларында түсірілген. Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді. Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 337-бабына сәйкес "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған" жүргізіліп жатыр. Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Қылмыстық істі тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды.
Сурет: polisia.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript