Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавл мектебіндегі оқиға: ІІМ осы жағдайға байланысты қандай шаралар қолданылатынын айтты

Пертрпавл, мектеп, балта, оқушы, төтенше жағдай, ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2023 13:25 Сурет: Zakon.kz
20 ақпанда ведомствода өткен брифингте ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің басқарма бастығының орынбасары Серік Құспанов Петропавл мектебіндегі төтенше жағдайдан кейін министрлік қандай қорытындыға келгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері Ішкі істер министрлігі өкілінен Петропавлда жасөспірімнің мектеп оқушыларына шабуыл жасау оқиғасынан кейін ел мектептеріндегі қауіпсіздікті күшейту бағытында билік қандай шаралар қолданғалы жатқанын сұрады

Бұған жауап ретінде Серік Құспанов таяуда бұл мәселе барлық мүдделі органдардың басшылығының шақыруымен үкімет және Президент әкімшілігі деңгейінде талқыланғанын атап өтті.

Оның айтуынша, мектептердегі қауіпсіздік мәселесін тек Ішкі істер министрлігі ғана емес, сонымен қатар Оқу-ақарту, Денсаулық сақтау, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерін, әкімдіктер және т.б. қатыстыра отырып, үкімет деңгейінде шешу қажет.

"Бұл төтенше жағдайдың салдарымен күресіп қана қоймай, болған жағдайдың себептерін жою керек. Өздеріңіз білетіндей, кәмелетке толмаған бала психиатриялық есепте тұрған. Мұндай қылмыстық әрекеттерді жасауға оның компьютерлік ойындарға құмарлығы ықпал етуі мүмкін, ондай ойындар Интернетте толып тұр және ол балалардың психикасына әсер етуі мүмкін". Серік Құспанов

Спикер қазірдің өзінде мемлекеттік органдар тарапынан белгілі жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Атап айтқанда, Оқу-ағарту, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп, "Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жол картасы" бекітілді. Білім министрлігі білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтарды әзірлеп, бекітті.

"Жеке күзет ұйымдары террористік тұрғыдан осал объектілерге күзет қызметін көрсеткен жағдайда, олар қосымша қару-жарақ, арнайы техника, радиобайланыс және кемінде екі жылжымалы жедел топ, сондай-ақ орталықтандырылған бақылау бекеті болуы сынды біліктілік талаптарына сай болуға тиіс деген түзетулер енгізілді".Серік Құспанов

13 ақпанда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, балаларға балтамен тап берді, салдарынан үш бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін 15 жастағы бала "депрессия" диагнозымен психиатриялық есепте тұратыны мәлім болды. Ол Петропавл қаласындағы №4 орта мектепте 2022 жылғы қараша айынан бері оқып жүрген. Мектеп директоры орынбасарының айтуынша, тоғызыншы сынып оқушысы шамасы келгенше оқыған, өзін сабырлы, салмақты ұстаған.

Ол сыныптастарына бірнеше күн бұрын телефон арқылы қоқан-лоққы көрсеткен.

15 ақпанда тоғызыншы сынып оқушысы екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: