Елорда түрмесінде прокуратура өкілдері мен қоғамдық-бақылау комиссиясы болды
Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Елордалық колонияға Ақмола облысы прокуратурасының өкілдері мен қоғамдық-бақылау комиссиясының мүшелері экскурсия жасады. Ресми орган өкілдері сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, оларға қатысты заңсыз әрекеттер болған-болмағанын анықтап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
№2 мекемеде сотталғандарды ұстау құқықтары мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу мақсатында Ақмола облысы прокуроры, Астана қаласы бойынша ҚАЖД басшылығымен мекеменің тұрғын үй-жайларын, сондай-ақ өндірістік объектілерін қарап шықты. Байланыс құралдарымен және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру зерттелді.
"Мекемеде бейнебақылау жүргізу кезінде сотталғандардың мінез-құлқын сапалы қадағалау үшін барлық аймақ, үй-жай бейнебақылау камераларымен жабдықталады", - деді Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Рысбек Тұрғымбаев.
Сондай-ақ, сапар барысында сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүзеге асырылды.
Прокуратура мен қоғамдық қадағалау комиссия қызметкерлері мекемеде Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын емдеу мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның сақталуына ерекше назар аударды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript