Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы диқаншыларды астық жинаудағы жақсы көрсеткішімен құттықтады

Құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2022 09:31 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
16 қазанда Қазақстанда Нан күні атап өтіледі. Мерекелік күн 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен белгіленді. Бұл күн нан өнімдерінің, сондай-ақ нан өндірісіне қатысы бар барлық мамандардың: нан өндірушілер, ұн тартушылар мен наубайшылардың мәртебесін нығайтуға арналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл нан өнімі бұрын белгіленген болжамды деңгейден асып түсті. 

Мәселен, жоспарланған 19,5 млн тонна бункерлік салмақтағы астықтың орнына бүгінде 21,7 млн тоннадан астам астық бастырылды. Сонымен қатар, 16,3 млн тоннадан астам бидай жиналды, бункерлік салмақта 14,1 млн тонна жиналады деп болжанған болатын.

Мұның бәрі нан өсірушілердің қажымас еңбегінің арқасында мүмкін болды. Бүгінгі таңда қазақстандық фермерлердің астықпен отандық нарықты ғана емес, оны біздің өнімдеріміздің сапалық көрсеткіштері жоғары бағаланатын шет мемлекеттерге саудалауға мүмкіндігі бар. 

Жаппай егін жинау аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық диқаншыларды құттықтап, денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі.

"Дихандарымыздың жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды. Біз тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтардың жан жақты дамуына бірдей мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан ауыл тұрғындарының әл- ауқатын арттырып, тұрмыс салтын жақсарту - біздің басты міндетіміз.   Барша дихандарға зор денсаулық пен  бақ береке тілеймін", - деді Президент құттықтау хатында.

Президент ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер еліміздің игілігі үшін және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде істеп жатқан еңбектеріңің бағасы ұшан-теңіз екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: