Президент Төтенше жағдай мекемелерінің күштері мен құрал-жабдықтарының тізімін әзірлеуді ұсынды

Президент Төтенше жағдай мекемелерінің күштері мен құрал-жабдықтарының тізімін әзірлеуді ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 18:06 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Түркияда болған жер сілкінісін еске салып, іздестіру және құтқару қызметтерінің дайындығын күшейту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркияда болған жер сілкінісі табиғи апаттың алдын алу және оның салдарын жою үшін өзара іс-қимылды үйлестіру қажет екенін көрсетті деді ол.

"Бұл туралы «Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжатында нақты айтылған. Сондықтан іздестіру және құтқару қызметтерінің дайындығын күшейтуіміз қажет. Осы мақсатта елдеріміздегі Төтенше жағдай мекемелерінің күштері мен техникалық құрал-жабдықтарының тізімін әзірлеуді ұсынамын". Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның сөзінше, бұл шара қиын-қыстау сәтте шұғыл әрекет етіп, апаттың салдарын жою үшін іс-қимылды үйлестіруге мүмкіндік бермек.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: