Ақтөбе облысында жол апатынан ерлі-зайыпты шетелдік азаматтар көз жұмды

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 18:18 Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысындағы тас жолда ерлі-зайыпты ресейлік азаматтар болған Datsun автокөлігі КамАз жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 наурызда Ақтөбе-Астрахань тас жолында Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан бас жолға шығып, Datsun автокөлігімен соқтығысқан.

"Салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және жанындағы жолаушы - оның 49 жастағы әйелі, Ресей Федерациясының азаматтары оқиға орнында қаза тапты", делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны нақтыланады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: