Жаңалықтар тізбегі
0

Үш облыстың тұрғындарынан заңсыз ауланған 64 тоннадан астам балық тәркіленді

Браконьерлік Сурет: polisia.kz
Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында кең ауқымды "Бекіре-2023" шарасы өткізілді. Заңсыз балық аулаудың 37 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 297 фактісі анықталды. 64,3 тоннадан астам балық тәркіленді, оның ішінде шамамен 792 келі бекіре тұқымы және 30 келіден астам уылдырық, 126 қылмыс құралы, 6 жүзу құралы. 37 факті бойынша балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу үшін (ҚР ҚК-нің 335-бабы) және өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу ҚК-нің 339-бабы бойынша тіркелген.

Мысалға, 5 сәуір сағат 16:40 шамасында Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай елді мекенінен 8 шақырым теңіз жағалауынан "БУДАРКА-АТР236" қайығы тоқтатылды. Тексеру кезінде жалпы салмағы 228 келі қара балығы тәркіледі. Исатай ауданы, Нарын ауылының тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған факті

ҚР ҚК-нің 335-бабымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар 19 мамыр Батыс Қазақстан облысы "Сырым" кеден бекетінде екі жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде автокөліктерден 40 тонна балық анықталды.

Сондай-ақ Орал қаласында жалға берілген қоймадан 20 тонна балық табылды. Барлығы күдіктілерден 60 тонна ұсақ тұқымдас балық тәркіленді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 339-бабымен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) тіркелді.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға, балық аулаудың белгіленген ережелерін сақтауға және заңды бұзбауға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: