Жаңалықтар тізбегі
0

Мұхамедиұлы ісі бойынша сотталғандардан қанша көлемде өтемақы өндіріледі

Сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 21:07 Сурет: Zakon.kz
Судья Бағлан Ыдырысов Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша үкімді жария ете отырып, Мәдениет және спорт министрлігінің азаматтық талабы бойынша сотталушылар қандай сома төлеуі тиіс екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Судья Бағлан Ыдырысов 20 маусымда жарияланған сот үкіміне сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылуы тиіс екенін жеткізді.

"ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан мемлекет пайдасына ортақ тәртіпте Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов, Сәдуақасовадан 43 млн 829 мың 114 теңге көлемінде материалдық шығын өндірілсін. Осы үкім заңды күшіне енген күннен бастап азаматтық талап қою бөлігінде үкімді ерікті түрде орындау үшін Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов, Сәдуақасова бір ай мерзім белгіленсін. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін үкім азаматтық талап бөлігінде орындалмаған жағдайда мәжбүрлеп орындауға жатады". Судья Бағлан Ыдырысов

Сондай-ақ сот үкімі бойынша:

  • әрбір сотталған адамнан - Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов, Сәдуақасовадан мемлекет кірісіне 328 718 теңгеден мемлекеттік баж өндірілетін болады.
  • әрбір сотталғаннан - Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов, Сәдуақасовадан мемлекет кірісіне 855 мың 343 теңгеден іс жүргізу шығындары өндірілетін болады.
  • әрбір сотталғаннан - Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов, Сәдуақасовадан жәбірленушінің пайдасына 20 АЕК немесе 55 мың 560 теңге мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілетін болады.

Сот Мұхамедиұлының мүлкі - Toyota Camry маркалы көлігіне, сондай-ақ Көшеновтың мүлкі - УАЗ 390945 маркалы көлігі, азаматтық талап қою бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Астанадағы пәтері мен тұрақ орнына қатысты бұғаттаудың күші сақталатынын жария етті. 

Үкімге Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына үкім жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде шағым жасауға болады. 

20 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Арыстанбек Мұхамедиұлын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Тағы үш сотталушы - Алмаз Нұразхан, Азамат Көшенов және Айым Сәдуақасова 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: