Іздеуде болған елордалық жігіт Германияның босқындар лагерінен табылды
Сурет: Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сатқаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалған 22 жастағы астаналық Мюнхен қаласындағы босқындар лагерінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының және Бас прокуратураның ат салысуымен күдікті Астанаға экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалды.
"Қылмыстық қудалаудан бой тасалаған елорда тұрғынына 2021 жылдың сәуір айынан бастап іздеу жарияланды. Ол тұрақты рейспен Өзбекстанға ұшып барып, ол жақтан Қырғызстанға жетіп алған, содан кейін Анталия қаласына ұшқаны анықталды.Одан кейін қазақстандық Украина шекарасын заңсыз кесіп өтіп, босқын мәртебесімен ГФР территориясына келіп жеткен", - дейді полициядағылар.
Бұған дейін іздеуде жүрген Степногорск қаласының тұрғыны Мәскеуден табылғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript