Таңғы бесте мешітке келіп, намаз оқыған елордалық жігіт тоналды
Сурет: polisia.kz
Елордалық азамат жергілікті мешіттің бірінде телефонын ұрлатып алды. Күдікті анықталып, өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияға қала тұрғыны мешітте ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып арызданған. Тергеу барысында ер адамның мешітке таңғы сағат 05:00-де намазға келгені, одан кейін демалуды ұйғарып, ұйықтап кеткені анықталды. Зардап шегуші TecnoCamon 19 Pro телефонын токқа қойып, оянғанда оны таппаған.
"Есіл аудандық полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының 27 жастағы тумасын анықтады. Құны 100 мың теңге тұратын телефонды күдікті қызмет көрсету орталығына парольді ашу үшін беріп жібергені белгілі болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", делінген полиция хабарламасында.
Ер адам кінәсін мойындады, оның бұған дейін де осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript