Жаңалықтар тізбегі
0

"Болмаса өз қалтамнан төлеймін!". Рудныйда шенді айыппұл арқалаған әйелден кешірім сұрады

Гүл өсірген, Рудный, айыппұл, әйел, шенеунік, кешірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 18:57 Сурет: Zakon.kz
Тұрғын үй алдына гүл өсіріп, айыппұл арқалаған Рудный тұрғынына қатысты оқиға өз жалғасын тапты. Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы - бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов оған ақшасын қайтарып беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теміржанов қазіргі уақытта құзырлы комитет қолданыстағы заңнаманы сақтау тұрғысынан аталған факт бойынша ішкі камералдық бақылау жүргізіліп жатқанын баса атап өтті.

Сондай-ақ, 2023 жылдың 9 қазанында шендінің желіде жариялаған жазбасына сәйкес, ол Людмила Пионткевичке хабарласқан.

"Людмила Анатольевнамен әңгіме барысында одан болған оқиға үшін шын жүректен кешірім сұрадым. Тіпті, барлығы шынымен де заң аясында жасалса да, өз басым, барлық жерде логика болуы керек деп санаймын". Мұрат Теміржанов

Сондай-ақ ол үй маңындағы аумақты абаттандыру құрметке лайық жауапты, азаматтық ұстаным екенін атап өтті.

"Егер төленген айыппұлды заң аясында қайтару мүмкін болмаса, жоғарыда аталған қаражатты Пионткевичке өз қалтамнан шығарып, қайтаруға дайынмын". Мұрат Теміржанов

Бірнеше күн бұрын  Рудныйдағы көпқабатты үйдің бірінші қабатының терезелерінің алдындағы жер учаскесіне гүлдер егіп, есік алдын өз бетімен абаттандырған әйелге 258 мың теңге айыппұл салғаны туралы жаңалық желідегі адамдарды қатты таң қалдырды. Әкімдік қызметкерлері оған барлық еккен өсіндінің көзін жою жөнінде қаулы шығарған, өйткені жер мемлекеттік болып табылады, ал оны пайдалану "заңсыз басып алуға" жататын көрінеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: