Жаңалықтар тізбегі
0

Салық пен әлеуметтік төлемдерді төлемегені үшін шотты блоктады: не білу керек

Салық пен әлеуметтік төлемдерді төлемегені үшін шотты блоктады: не білу керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 17:40 Сурет: Zakon.kz
Көбіне кәсіпкерлер қарыз сомасының аз болуына байланысты банк шоттарының бұғатталғанына шағымданады. Мемлекеттік кірістер комитеті берешек болса, қандай жағдайда есепшотқа блок қойылатынын және бұл мәселені қалай шешуді жоспарлап отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, Салық кодексінде салық органдарының 6 АЕК-тен асатын (2023 жылы 20 700 теңге) салық берешегі бойынша банк шоттарына тыйым салу қарастырылған. Бұл 6 АЕК-тен төмен қарыздар бойынша шоттарға тыйым салынбайды деген сөз.

"Алайда әлеуметтік төлемдер бойынша 1 теңгеден асатын берешек бойынша банк шоттарына тыйым салынады. Өйткені бұл ұйым қызметкерлерінің қарызы (олардың зейнетақы қорларына, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына түсетін түсімдері), - деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Енді кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мәжбүрлеу шаралары қолданылмайтын салық берешегінің және әлеуметтік төлемдердің сомаларының шекті мәнін арттыру бөлігінде тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралып жатыр.

Сонымен қатар шағын қарыздар бойынша банк шоттарына тыйым салуды болдырмау мақсатында шоттарды берешек сомаларының шегімен шектеу ұсынылады. Мысалы, 100 теңге қарыз болса, 100 теңге ғана бұғатталады. Комитет бұл түзетулерді қабылдау банк шотындағы барлық ақшаны бұғаттау мәселесін болдырмайды дейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: