Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында полицей құтқарған кейуана ауруханада көз жұмды

Аурухана, Қостанай, кейуана, оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2023 15:57 Сурет: pixabay
Бүгін, 18 қарашада Әулиекөл ауданында оқыс оқиға болды. Таңертең 102 телефонына Аманқарағай ауылының тұрғынынан су айдыны жақтан көмек сұрап жатқан адамның дауысы естілетіндігі туралы қоңырау келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл хабарлама бірден көлге келіп жеткен учаскелік полиция инспекторы Ғабит Байжановқа берілді. Ол 84 жастағы кейуананы көлден алып шықты.

"Соққан желдің себебінен ол көмекке шақырған дауысты естімеген. Жағадан өтіп бара жатып, полиция қызметкері дыбыс көлдің ортасынан шығып жатқанын түсініп, бірден киімімен суға секірді. Ғабит Байжанов әйелді жағаға сүйреп әкелген, одан кейін оған жақын тұрған ауылдастары көмектесті. Олар кейуананы үйге жеткізіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізді", делінген полиция хабарламасында.

Қарт кісінің көлдің ортасында қалай жеткені анықталып жатыр. Кейінірек дәрігерлер, өкінішке қарай, қарияның ауруханада жан тапсырғанын жеткізді. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: