Қостанай облысының тұрғыны қарасорадан "емдік ботқа" пісіретінін айтқан
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Қостанай облысында "Құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу шарасы барысында полицейлер 63 жастағы тұрғынның үйінен қорап тапты, оның ішінен салмағы 500 грамнан асатын өсімдік тектес заттың ұнтағы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адам шөптен денсаулыққа "пайдалы" ботқа пісіретінін айтқан. Полицейлер затты сараптамаға жіберді.
ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 480 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.
Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript