Астанада үй күтімімен айналысатын 25 жастағы қыз ұсталды
Сурет: pixabay
Астанада бірнеше ұрлық дерегі бойынша күдікке ілінген үй күтушісі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс берушілердің алтын бұйымдарын үптеу күдігімен үй күтушісі ұсталды. Қазіргі уақытта пәтер ұрлығының төрт фактісі анықталды.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер жәбірленушілерде жұмыс істеген 25 жастағы қызды анықтады. Арнайы ұсыныс бойынша жұмыс берушілердің үйіне келіп, олардың сеніміне әбден кірген. Үйде аз уақыт жұмыс істегеннен кейін, ол құнды заттарды үптеп, ломбардқа тапсырған", деп хабарлайды қалалық ПД.
Зергерлік бұйымдардың жоғалғанын бірден байқамаған жәбірленушілер кейін полицияға жүгінген.
"Осы факті бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, ломбардтардан алтын бұйымдар алынды. Күдікті барлығын мойындады. Ұсталған адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде".
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды бейтаныс адамдарға сенбеуге және бағалы заттарды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript