Астанада адам саудасымен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Астана полицейлері 10 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бөгет" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлады 17 сәуірде елорда полиция департаменті.
"Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Ташкент облысы ІІБ.Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 11 сәуірде Алматы халықаралық әуежайында халықаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталғаны хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript