Жаңалықтар тізбегі
0

Сот жарыссөзі барысында Байжановтың қорғаушысы өз ұстанымын жариялады

Ғазиз Ынтықбаев, Бишімбаев ісі, адвокат, Бақытжан Байжанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 17:08 Сурет: YouTube/ҚР Жоғары соты
2024 жылы 3 мамырда Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сотта жарыссөздер өз жалғастығын тауып, Бақытжан Байжановтың қорғаушысы Ғазиз Ынтықбаев сөз алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Адвокат Ғазиз Ынтықбаев өз қорғауындағы сотталушының қайғылы оқиға ортасына өз еркімен болмағанын атап өтті.

"Байжанов, айналасында болып жатқан жағдайлардың кепіліне айналды деп айтуға болады. Ал бұл жағдайлар оны оқиғаның кездейсоқ қатысушысы ғана емес, сонымен бірге қандай да бір деңгейде құрбаны да етті. Мүмкін ол ақпараттардың жеткіліксіздігінен шатасқан да шығар. Расында, ол сол қайғылы оқиға орын алған күні Бишімбаевтың басында не болып жатқанын қайдан білсін? Біз Байжановтың болмауы керек жерде болмайтын уақытта болғанын мойындауымыз керек", - деді адвокат.

Ол тергеу басталған сәттен бастап сотқа дейінгі аралықта Байжанов тек бір нәрсені дәйекті түрде айтып келгенін жеткізді. Яғни, оның айғақтары әр кезде өзгермейді.

"Сотта менің қорғауымдағы Байжановтың әрбір іс-әрекеті егжей-тегжейлі талданды. Ол өзінің моральдық жауапкершілігін жақсы түсінеді әрі оны мойындайды, аталған жағдайда өзінің көп нәрсе істеуіне немесе басқаша жасауына болатынын жоққа шығармайды. Ол Салтанаттың ауыр жағдайда болғанын білмей қалғанына өкінеді. Ол немқұрайлы болғанын және бұл ретте Бишімбаевтың әдеттегі мінез-құлқына салуы өзінде бөтен ой тудырмағанын мойындайды", - деп сөзін толықтырды Ғазиз Ынтықбаев.

Оның айтуынша, өз қорғауындағы адам үшін 9 қараша әдеттегідей жұмыс күні болған. Бұл оның орын алған қылмыстан бейхабарлылығын таныта алады.

Бұған дейін сот тергеуінің аяқталғаны және тараптардың жарыссөздерге көшкені жарияланған болатын. Прокурор Айжан Аймағанова айыптаушы тараптың ұстанымын жариялады. Кейін Салтанат Нүкенованың ағасы - Айтбек Амангелді алқабилерге жүгініп, әділдік сұрады.

Сондай-ақ жәбірленушілер тарапының адвокаты Жанна Уразбахова сотта сөз сөйлеп, жасалған қылмыста Бишімбаев пен Байжановтың кінәсі айыптаушы тарап ұсынған дәлелдемелермен толық дәлелденгенін мәлімдеді. Дәл осындай пікірді адвокат Дамир Ишмаметов те ұстанады.

Лейла Рамазанова қорғаушы тарапының ұстанымын жариялады. Жарыссөзде адвокат Ерлан Қазымжанов та сөз сөйледі. Ол Қуандық Бишімбаевқа Салтанат Нүкенованы өлтірудің пайдасы жоқ деп есептейді. Сотталушының анасы Альмира Нұрлыбекова сотта сөйлеген сөзінде Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: