СІМ Лондонда кісі өлтірді деген айыппен ұсталған Қазақстан азаматына қатысты түсініктеме берді

СІМ, Лондон, кісі өлтіру, Қазақстан азаматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2024 18:33 Сурет: Zakon.kz/Тамила Муратбек
ҚР Сыртқы істер министрлігі Лондонда кісі өлтірді деген айыппен Қазақстан азаматының ұсталу оқиғасына қатысты тың мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Лондон полициясы 10 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігіне ҚР азаматтары ұсталғанын хабарлаған.

"Белгілі болғандай, бұл ерлі-зайыпты адамдар. Кейіннен әйелін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне босатқан, ал күйеуі тергеліп жатыр. Қазір біз өз азаматымызға қажетті барлық консулдық құқықтық көмек көрсетудеміз, оған адвокат тауып береміз. Оның Қазақстандағы туыстарымен де байланыстамыз", - деді Айбек Смадияров брифинг барысына.

Аталған оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде 11 мамырда пайда болды. Лондон көшелерінің бірінде полиция 42 жастағы ер адамның денесін тапты. Мәйітте пышақ жарақаттары бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: