Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК жүргізген арнайы операцияға кедергі келтірген банктің заң кеңесшісі сотталды

Арнайы операция, Астана, ҰҚК, банктің заң кеңесшісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 18:03 Сурет: Zakon.kz
Астанада ҰҚК жүргізген арнайы операцияны бұзған банктің заң кеңесшісі сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау фактісі бойынша істі қарады.

Сотта сотталушы өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде сотқа дейінгі тергеуден түскен сауалда танысы туралы мәліметті көріп, бірден танысы К.-ге қоңырау шалғаны анықталды.

"Банк қызметкері Б-ның әрекеті салдарынан ұлттық қауіпсіздік органдарының Астана қаласына атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізу жолын кесуге бағытталған арнайы операцияның бұзылуына жол берілді. Осылайша, Б. өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қызметіне қасақана араласқан. Бұл ұлттық қауіпсіздік органдарының қылмыстық істі алдын алуға бағытталған операцияның жүзеге асуына қауіп төндірген", делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарламасында.

Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін мойындамады, қорғаушы тарап оны ақтауды сұрады.


"Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамалары мен мамандардың қорытындыларымен дәлелденді. Сот үкімімен Б. бір жыл мерзімге банк қызметі саласында белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, бір жылға бас бостандығынан шектелді", делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: