Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада балалы келіншектің әбден жер-жебіріне жеткен такси жүргізушісі жазаланды

Такси жүргізушісі, Астана, балалы әйел, әкімшілік іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2024 15:56 Сурет: unsplash
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалы әйелді қорлаған такси жүргізушісіне бес тәулікке қамау түрінде әкімшілік жаза тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен әлеуметтік желіде ағыл-тегіл жылаған келіншектің видеосы тарады. Ол ерекше баласы абайсызда такси орындығына аяғын тигізіп алып, балшық еткенін, ол үшін әйел кешірім сұрап, оны сүртіп алғанын айтады. Бірақ, оның айтуынша, ашуға мінген жүргізуші баланы шынтағымен ұрып, ауыр-ауыр сөздер айтқан.

Сотта такси жүргізушісінің қоғамдық жерде бола тұра, агрессиялық әрекет, психикалық қысым көрсетіп, Н. мен оның жас баласына қатысты былапыт сөйлегені анықталды. Сот отырысы барысында құқық бұзушы кінәсін мойындамады, хаттамамен келіспеді. Дегенмен жасалған құқық бұзушылық әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада, полиция инспекторының баянатында, жәбірленушінің түсiнiктемесінде көрсетілген нақты деректермен расталды.

"Жоғарыда келтірілген мән-жайларды ескере отырып, сот қаулысымен О. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды". Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: