Астанада жолды бөлісе алмаған екі жүргізуші жұдырықтаса кетті
Сурет: unsplahs
Әлеуметтік желіде Астанада екі жүргізушінің төбелескен видеосы тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеодан көліктердің жаяу жүргіншілер жолағында тоқтап тұрғанын, содан кейін екі жүргізуші дауласып, оның арты төбелеске ұласқанын көруге болады.
Бұл оқиғаға қатысты Zakon.kz редакциясына елорда полиция департаменті түсініктеме берді.
"Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Тұран даңғылында бір-біріне жол бермеген Mitsubishi Pajero және Toyota Camry автокөліктерінің жүргізушілері арасында жанжал болған", – деді полициядағылар.
Ведомство қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі жүргізуші де әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Материал сотқа жіберілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript