Астанада жол үстінде төбелескен екеудің бірі әскери қызметкер болып шықты
Сурет: Zakon.kz
12 қыркүйекте Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық бабымен екі азаматқа қатысты іс қаралды. Олардың бірі әскери қызметкер болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс материалдарына сәйкес, екі ер адам жол үстінде төбелесіп, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сот отырысы барысында құқық бұзушылар өз кінәсін толық мойындады.
"Сот құқық бұзушы А-ны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Азамат К. әскери қызметші болып табылады және оқиға қызметтік міндеттерін атқару кезінде болған, осыған байланысты сот оны кінәлі деп танып, тәртіптік жаза қолдану үшін іс материалдарын әскери қызмет өткеру орнына жіберді. Себебі ӘҚБтК-нің 32-бабына сәйкес қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады".Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript