Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жұмысындағы өзгерістерге байланысты қазақстандықтарға жүгінді
Бейнеүндеу Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желісінде жарияланды.
"Бүгін бірқатар БАҚ-та жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын қате түсіндіру жарияланды.Осыған байланысты біз түсіндіреміз: бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек алады",- деді ресми өкіл.
Сонымен қатар, жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылатын болады.
"Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады. Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады",- деп түйіндеді Уразалиева.
25 қыркүйекте жедел медициналық көмекке шақырудың бір бөлігі мобильді бригадаларға ауысатындығы белгілі болды.