Қостанай облысында жоғалған жасөспірім аман-есен табылды
Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысының Озерный ауылының тұрғыны полицияға өзінің 13 жасар ұлы белгісіз бағытта үйден шығып кетіп, оралмағанын хабарлады. Әйел күні бойы баласын іздеп, онысынан нәтиже шықпаған соң полицияға жүгінуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел әрекеттердің нәтижесінде тәртіп сақшылары бір сағат ішінде Озерный ауылында досымен бірге жүрген жасөспірімді тапты.
"Бала ата-анасына үйіне қайтарылып, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ал анасы полицейлерге жедел әрекет етіп баласын тауып бергендері үшін шын жүректен алғысын білдірді", делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы облысының полиция департаменті салдарынан бір жігіт қаза тапқан Талғардағы төбелеске қатысушыларды қалай ұстағандарын көрсеткені хабарланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript