Астанада 19 жастағы бозбала өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде төрт ер адам өзінің 19 жастағы ұлын өлтіріп, денесін тоғызыншы қабаттан лақтырып жібергенін айтып, президентке үндеу жолдаған әйелдің видеосы пайда болды. Полиция Zakon.kz редакциясына түсініктеме беріп, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы 13 қазанда куәгерлер тұрғын үй ауласынан ер адамның денесін тапқан.
"Полиция қызметкерлері көз жұмған адамның жеке басын анықтады. Алматы аудандық полиция басқармасы кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталатын болады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", делінген хабарламада.
Бұған дейін Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмағанды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript