Жаңалықтар тізбегі
0

Азаматтарды қабылдау орталығында айқай-шу шығарған елордалық әйел қамауға алынды

Әйел, Астана, азаматтарды қабылдау орталығы, айқау-шу, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 20:55 Сурет: pexels
Астанада ұсақ бұзақылық жасағаны үшін елорда тұрғынына қатысты іс апелляциялық сатыда қайта қаралды. Себебі ол қарауында жарымжан баласы барын айтқан. Тексере келгенде, оның мұнысы өтірік болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істің мән-жайына сәйкес, Д. Астана қаласының "Азаматтарды қабылдау орталығында" жанжал шығарып, қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіріп, полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiрген.

Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен Д-ға 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған. Д. аталған қаулымен келіспей, апелляциялық шағым келтіріп, қарауында әрекетке қабілетсіз баласы бар екенін көрсете отырып сот актісін өзгертуді сұрады.


"Істі апелляциялық сатыда қарау барысында қарауында әрекетке қабілетсіз баланың бар екендігіне қатысты факт расталмады. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабында көзделген қамаққа алуға кедерлі келтіретін жағдайлар анықталмады (онда жүктi әйелдерге және 14 жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ 58 жастан асқан әйелдерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды деп көрсетілген). Осыған байланысты апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз, апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды".Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Сот актілері заңды күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: