Жетісу облысында 24 млн теңгенің айғақ затын ұрлап, іздеуде болған экс-полицей сотталды

Сот үкімі, Жетісу облысы, Текелі, айғақ затты ұрлау, полицей  , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 22:45 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі аяқтады. Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың наурыз айында лауазымды тұлға бір топ адамдармен 24 миллион теңге көлеміндегі ұрлыққа қатысты қылмыстық іс аясындағы заттай дәлелдемелерді ұрлаған. Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды. Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.


"Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі күшіне енді", деп хабарлайды 2024 жылғы 18 желтоқсанда Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: