Ақша бопсалаумен айналысқан атышулы Telegram арнаның әкімшілері ұсталып тынды
Сурет: pexels
Бас прокуратура 20 желтоқсанда ақша бопсалаумен айналысқан еліміздегі Telegram арналардың бірінің әкімшілері ұсталғанын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство мәліметінше, 18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және ҚМА-нің мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялау қауіпімен ақшалай қаражатты бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.
"Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Телеграм-арнасының әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда".Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Тергеу аясындағы өзге ақпарат жария етілмейді.
2024 жылғы қарашада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, анонимді Telegram арналар өздерінің заңсыз әрекеттері үшін құқықтық алаңда жауап беруі тиіс екенін айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript