Қызылордада полицейлер есірткі притонының көзін жойды

Полиция, Қызылорда, есірткі притоны , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2024 10:52 Сурет: Zakon.kz
Қызылордада полицейлер үйде есірткі притонын ұйымдастыру жағдайын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үйді тінту кезінде қапқа салынған кептірілген шөп тәріздес зат, тостағанда құйылған сұйық белгісіз зат, газ плитасы, шприцтер және басқа да айғақты зат тәркіленді.

"Сараптама нәтижесімен тәркіленген зат 2 келіге жуық кептірілген марихуана және 25,5 миллилитр апиын (опиум) психотроптық заты болып анықталды", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұған дейін Жамбыл облысында шөп астынан 100 келі марихуана табылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: