Шымкенттік полицейлер алаяқтық бойынша күдікке ілінген ер адамды іздеп жатыр
Сурет: Zakon.kz
Шымкент қалалық полиция департаменті алаяқтыққа қатысы бар деп күдікке ілінген ер адамның суретімен бөлісті. Құзырлы орган көптен оның жеке басын және орналасқан жерін анықтауға көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған ірі көлемдегі алаяқтық және жалған құжат жасады деген күдікпен іздеу жарияланғаны нақтыланады.
Егер оны танып жатсаңыздар немесе орналасқан жерін білетін болсаңыздар, бірден 102 немесе 8-701-216-46-46 телефондары арқылы хабарласу сұралады.
Сурет: Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі
Айта кетсек, 6 қаңтарда елорда тәртіп сақшылары дөй алаяқтың бірін ұстағаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript