Алакөлге дельтаплан құлады: Кәсіпкерге 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

Айыппұл, Алакөл, дельтаплан, құлау, кәсіпкер, айыппұл, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 18:04 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2024 жылы 25 шілдеде Алакөлге дельтаплан құлап, екі адам жарақат алған. Дельтаплан иесі тиісті құжатының жоғына қарамастан демалушыларға Алакөл үстінде ақылы ұшуға рұқсат берген. Бүгін, 2025 жылы 24 қаңтарда дельтаплан егесіне айыппұл тағайындалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады

Сот дельтаплан иесін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 563-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тапты. Оған 55380 теңге айыппұл салынып, ұшу аппараты мемлекет пайдасына тәркіленді. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылғаны да нақтыланады.

Айта кетсек, 2024 жылы 25 шілдеде Алакөлге дельтаплан құлап, екі адам жарақат алған. Іле-шала Авиация комитеті мәлімдеме жасады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: