Автобустағы жанжал. Әйелді ұрған 61 жастағы қостанайлық ұсталды

Автобус, Қостанай, жанжал, әйелді ұру, зейнеткер, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 21:05 Сурет: pixabay
Қостанайдың қала ішілік автобустарының бірінде жанжал болып, оның барысында ер адам әйелге соққы жасайды. Зардап шеккен адамды қорғауға тырысқан өзге жолаушылар жанжалға килігуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері базбұзардың жеке басын анықтап, 61 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

"Ер адамға қатысты полиция қоғамға деген құрметсіздік білдіретін және зорлық-зомбылыққа әкеп соққан бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Ақтөбеде қорқытып-үркіту арқылы ақша бопсалаумен айналысқан жастар ұсталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: