Жанармай сатудан түскен қосымша табыс бюджетке бағытталады

АЗС, бензоколонка, заправка, бензин, автозаправка, цены на бензин, стоимость бензина  , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2025 09:13 Фото: Zakon.kz
Ұлттық экономика министрлігі бензинге (авиациялық отыннан басқа), дизельдік отынға, газолға, бензанолға, нафтаға, жеңіл көмірсутектердің қоспасы мен эко-отынға акциз ставкаларын бекіту туралы Үкімет қаулысына түзету жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі №173 қаулысына өзгеріс енгізетін қаулы жобасын әзірледі.

Құжат ЖЖМ бағасына мемлекеттік реттеуді алып тастаған жағдайда жанармай өндірушілер мен сатушылардың қосымша маржиналдылығын 80%-ын бюджетке бағыттау мақсатында бензинге (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынына қосымша акциздің мөлшерлемесін белгілеуді көздейді.

Осылайша, шара жанармай сатудан түскен қосымша табыстың 80%-ын бюджетке қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бұл ретте қосымша акциздер ағымдағы деңгейден бағалар өскен кезде ғана пайда болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: