Қазақстанда бензин мен дизельге салынатын қосымша акцизді төмендету ұсынылды

АЗС, бензоколонка, бензоколонки, заправка, заправки, бензин, автозаправка, автозаправки, цены на бензин, стоимость бензина, автозаправочная станция, автозаправочные станции, повышение цен на бензин, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 09:32 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Ұлттық экономика министрлігі бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы үкімет қаулысына өзгерістер жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобада мұнай өнімдерінің көтерме бағасы өскен кезде қолданылатын өзгермелі қосымша акциздің үлесін 95%-дан 50%-ға дейін төмендету ұсынылған.

Бұл 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданыста болған тәртіпке қайта оралуға мүмкіндік береді.

Өзгерістердің мақсаты – мұнай өндіруші ұйымдардың экономикалық тиімділігін арттыру, сондай-ақ саладағы кәсіпорындарды дамыту мен жаңғыртуға инвестиция салу мүмкіндіктерін кеңейту.

Күтілетін нәтижелерге 2027 жылғы қаңтарда қол жеткізу жоспарланған.

Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2026 жылғы 5 қарашаға дейін жалғасады.

Бұған дейін Қазақстанда белгіленген шекті бағадан жоғары бағамен сатылатын бензин мен дизель отынына акциз есептеу қағидалары өзгертілгенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: