Бензин мен дизель отынының акцизі: көтерме баға өскен кездегі есептеу тәртібі өзгерді

АЗС, бензоколонка, бензоколонки, заправка, заправки, бензин, автозаправка, автозаправки, цены на бензин, стоимость бензина, автозаправочная станция, автозаправочные станции, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 11:03 Фото: Zakon.kz
Үкіметтің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысымен бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, нефрасқа, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға салынатын акциз мөлшерлемелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, белгіленген баға шегінен асқан жағдайда жекелеген мұнай өнімдеріне салынатын акцизді есептеу тәртібі өзгереді.

Қазіргі уақытта өндірушілер бензинді көтерме саудада өткізгенде, сондай-ақ оны импорттау және алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін беру кезінде бір тоннасының бағасы 214 584 теңгеден асса, акциздің өзгермелі бөлігі 50% коэффициентпен есептеледі. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап бұл көрсеткіш 95%-ға дейін ұлғайтылады.

Осындай өзгеріс өндірушілердің бензинді бөлшек саудада өткізуіне және отынды өз өндірістік қажеттіліктеріне пайдалануына да қатысты.

Акциздің базалық мөлшерлемесі тоннасына 38 634 теңге деңгейінде сақталады. Ал есептеу формуласындағы коэффициент 50%-дан 95%-ға дейін көтеріледі.

Өзгерістер дизель отынына да қатысты. Дизель отынын көтерме саудада өткізу, импорттау және беру кезінде оның бір тоннасының бағасы 284 350 теңгеден асса, қолданылатын коэффициент 50%-дан 95%-ға дейін ұлғайтылады.

Өндірушілер дизель отынын бөлшек саудада өткізгенде және оны өз өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланғанда да коэффициент 95%-ға дейін көтеріледі. Бұл ретте базалық мөлшерлемелер тиісінше тоннасына 35 726 және 35 786 теңгені құрайды.

Осылайша, салық салу тетігі көтерме бағаның өсуіне қарай өзгеретін болады. Мұнай өнімінің бағасы белгіленген шектен неғұрлым жоғары болса, акциз сомасын есептеу кезінде шекті мөлшерден асқан айырма соғұрлым көбірек ескеріледі. Ал бағаның шекті мәндері мен акциз мөлшерлемелерінің базалық бөліктері өзгеріссіз қалады.

Қаулы 2026 жылғы 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және оның күші 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: