Алматы облысында жол апатына ұшыраған жеңіл көлік аударылып қалды

8 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолында, алдын ала мәліметтер бойынша, TOYOTA Chaser автокөлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай алмай, алда келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан Toyota Ipsum жол жиегіне ұшып түсіп, аударылып қалған.
"Аталған көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Бұл факт Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді, қажетті тергеу әрекеттері қолға алынды", - деді Zakon.kz редакциясына Алматы облысы ПД-ның баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript