Астанада ұшаққа жалған билетпен отырмақ болған ер адамның заңсыз әрекеті әшкере болды
Сурет: pixabay
Астанада ұшаққа жалған билетпен отырмақ болған ер адамның заңсыз әрекеті отырғызу талонын тіркеу кезінде әшкере болды. Ол сол арада ұсталып, сот қаулысымен 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорданың пробация қызметінің бөлімі ер адамның әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1-бөлігі бойынша бағалағанын нақтылайды.
"Сот үкімімен азамат "К-ға" 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегу түрінде жаза тағайындалды. Сөйтіп ол елорданың пробация қызметі бөлімінің есебіне қойылды. Әкімдік маманы белгілеген жұмыс жоспарына сәйкес сотталған адам қоғамдық жұмыстар кезеңінде қаланың аумағында қар тазалау жұмыстарымен айналысатын болады", - деді елордалық пробация қызметінің қызметкері Ернар Ильяшев.

Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Бұған дейін ақша табудың заңсыз қызметін ұсынған оралдық ерлі-зайыптылардың тұтылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript