СҚО-да өз қызын зорлады деп күдікке ілінген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Зорлады, әке, СҚО, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 18:52 Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысында 29 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол өзінің сегіз жасар қызын зорлағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымы бұл іс 2024 жылдың қазан айынан бастап Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жабық режимде қаралып келе жатқанын жазады. 2025 жылы 24 ақпанда судья Ерлан Нұршәріп үкім шығарды.

"Сот ер адамды ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануға және оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындау туралы үкім шығарды. ҚР ҚК-нің 50-бабының 2 және 3-бөлімдеріне сәйкес, оған кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін, сондай-ақ педагогикалық лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынсын". Ерлан Нұршәріп

Сотталған адам жазасын өмір бойына төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Бұдан бөлек, сот сотталғаннан баланың анасының пайдасына кәмелетке толмағанның мүддесі үшін 3 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян сипатында өтемақыны, сондай-ақ өкілдің көмегінің шығындарына бір миллион теңге сомасында ақы өндіріп алу туралы ұйғарым шығарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өткен жылдың соңында Павлодар облысындағы асырап алушы отбасында қыз бала зорланды: күдікті өз-өзіне қол жұмсады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: