Ақтөбеде мопед тізгіндеген 15 жасар жасөспірім жеңіл көлікпен соқтығысып, ауруханаға түсті

Мопед, жол апаты, Ақтөбе, 15 жасар жасөспірім, аурухана , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 18:46 Сурет: pixabay
Тіркеу нөмірі жоқ мопедті тізгіндеген 15 жасар жасөспірім бағдаршамның қызыл белгісін елемей, жолды қию кезінде Toyota Camry көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, оқыс оқиға 2025 жылдың 13 сәуірінде Есет батыр көшесінде болған.

"Соққы салдарынан жеңіл көлік қозғалыс бағытын өзгертіп, ВАЗ-бен соқтығысқан. Жарақат алған кәмелетке толмаған мопед жүргізушісі Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді қалалық полиция департаменті.

Полиция жыл басынан бері облыста скутерлердің қатысуымен үш адам зардап шеккен екі жол-көлік оқиғасы тіркегенін жеткізді.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға мынандай кеңес береді:

  • басқару құқығы жоқ кәмелетке толмағандардың көлікті тізгіндеуіне жол бермеңіз;
  • жол қозғалысы ережелерін және оларды қатаң сақтау қажеттігін үнемі еске салып отырыңыз;
  • есіңізде болсын, мопедтер мен скутерлер – бұл толыққанды көлік құралдары, оларды басқару жауапкершілік пен дайындықты қажет етеді.

Алматыда мопед жүргізушісін қуған полицейлердің видеосы желіде тарап кетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: