Сенат Үкімет пен АӨСШК арасындағы келісімге түзетулерді ратификациялады

Сенат Парламента РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2025 12:53 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 8 мамырда Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан Республикасы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Хатшылығы арасындағы келісімге түзетулерді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл өзгерістер 2007 жылғы 26 маусымда жасалған Хатшылықтың Қазақстан аумағында болу шарттары туралы келісімге қатысты. Аталған заң 2024 жылғы 15 қарашада Астанада қол қойылған хаттаманы ратификациялауға бағытталған. Ол Қазақстан Президентінің АӨСШК-ны толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген.

Өзгерістер Хатшылыққа жұмыс істеуге жіберілген немесе келісімшарт негізінде қызмет атқаратын қызметкерлердің халықаралық мәртебесін БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың тәжірибесіне сәйкес нығайтады.

Заңда Хатшылықтың барлық қызметкерлеріне, олардың санаты мен азаматтығына қарамастан, артықшылықтар мен иммунитеттерді кеңейту көзделген. Хатшылық өз қызметін жүзеге асыру үшін қорлар мен басқа да қаржылық механизмдерді құруға, сондай-ақ қызметкерлер үшін зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін қалыптастыруға құқылы болады.

Бұл заң Хатшылық қызметкерлерінің еңбек жағдайларын халықаралық стандарттарға жақындатуға, АӨСШК-ны толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруға және Хатшылықтың қызмет әлеуетін арттыруға оң әсер етеді. 

Бұған дейін eLicense.kz порталында жаңа функция пайда болғандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: