Қарағандыда патронаттық отбасыда қорлыққа ұшыраған жетім балалар сотта сөз алды

Жетім бала, Қарағанды, соо отырысы, қорлық, ұрып-соғу, потранат отбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2025 22:53 Сурет: pixabay
Қарағандыда асыранды балаларды азаптап, әбден қорлаған деп айыпталушы патронаттық отбасыларға қатысты сот отырысы басталды. Бүгінгі сот отырысында қорлық көрген жетім балалар кезек-кезек сөз алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта қора-қопсыны тазалау сияқты қара жұмысқа жегіліп, үнемі ашқұрсақ жүрген баланың бірі қалай мүгедек болып қалғанын айтып берді. Тағы бірі тоқпақтың күшімен өзін сол үйдің ұл‑қызын "ханзада мен ханшайым" деп атауға мәжбүрленгенін де жеткізді. Зардап шегушілердің бірі патранат отбасында тұрған бес жылда көрмеген қорлығы жоқ екенін айтты. Ал оны баққаны үшін бюджеттен алатын ақшаға екі рет қора тазалауға киетін резіңке етік, бір рет спорт аяқ киімі сатып алыныпты. Басқа жаңа киім киіп көрмеген, ел беретін ескі-құсқыны киген. Үй иелері балаларды құл ретінде жұмсап келген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.  

— Отбасындағы адамдарды қалай атап жүрдіңдер?

— Бізге айтатын, оларды "ханым", "ханзада" деп атаңдар деп.

— Нұрайым, сіздерге тек макарон берді ме, әлде тағы басқа болды ма?

— Фасоль беретін.

— Сендерді азаптау үшін тағы бірдеңе жегізетін бе еді?

— Иә, сиырдың жапасын.

Тағы бір бала үй иелері қит етсе, көкала қойдай қып сабап, нәр татырмай қоятынын айтты. Үйдегі үлкен-кіші қолына не түссе, сонымен ұрып, жетімдерді әбден қорлаған.

"Сарапшылар үнемі таяқ жеп келген балалардың денесінен 19‑дан 47-ге дейін тыртықтарды анықтаған. Сол үйде жүріп 8 жасында оқтаумен басы жарылған тағы бір бала жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Басының бір бөлігінде пластина тұр, қазір ол мүгедек", делінеді телеарна келтірген фактіде.

"Менің басымды оқтаумен жарды, "әткеншектен құладым деп айта сал" деді. №45 кварталда ауруханада жатқан кезде дәрігерлерге "мені оқтаумен ұрды" деп айттым. Мына жерімнен оқтаумен ұрды, мына жеріме пластина қойды. Мына жерімді тікті", - дейді жәбірленушілердің бірі.

Осы жайттан кейін жәбір көрген балалар үйіне қайтып, азаптан құтылған. Қалған балалар үйде көріп жүрген қорлығын мектепте мұғалімдерге жеткізіп отырғандарын айтқан. Бірақ сол кезде елең еткен пенде болмаған. Қылмыстық іс одан көп кейін қозғалып отыр. Сотта алда қалған балалардан да жауап алынатын болады. 

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында 2025 жылдың 28 мамырында Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы қыз қабылдауға мәжбүр болған ер адамдарға қатысты қандай жаза қолданылатынын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: