Шерзат Полат ісі бойынша сот үкіміне түсініктеме берілді: Сот талқысы ашық және шынайы өтті

Сот, Шерзат Полат ісі, сот үкімі, түсініктеме, Жоғары сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 17:08 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
ҚР Жоғарғы соты бүгін, 2025 жылғы 5 маусымда 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша қабылданған сот үкімінің түсіндірме мәтінін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сүйенсек, сот барлық ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп, сотталушылардың тағылған айып бойынша кінәлары толық дәлелденген деген тұжырымға келді.

"Жәбірленушілердің, куәлардың айғақтары, оқиға орнынан алынған бейнежазбалар бар, заттай дәлелдемелер алынған, қажетті сараптамалардың барлығы өткізілген. Олардың шынайылығында күмән жоқ. Бұл дәлелдемелер сотталушылардың әрқайсысының әрекетін айқын анықтауға мүмкіндік береді". ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі

Шынасылдың нақты Шерзат Полатқа, оның өліміне әкеліп соқтырған пышақ жарақатын келтіргені, медициналық-криминалистік сараптама қорытындысымен бекітілген. Сараптама Шынасылдан алынған пышақпен (пышақ жүзінің сипаттамасымен) жарақат келтірілгенін көрсетті. Пышақ, Шынасыл көрсеткен жерден алынған. Тергеу кезінде Шынасыл кінәсін мойындап, айғақ берген.

"Осы орайда, басқа сотталушылардың әрекеттері салдарынан Шерзат Полатқа жеңіл дәрежелі зиян келтірілген. Бұл да сараптама қорытындысымен расталған". ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі

Заң бойынша адам өлтіруді адамдар тобымен жасалған деп, егер ол екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлесіп жасаған әрекеттерімен жасалған кезде танылады.

"Жоғарыда айтқанымдай, өлімнің себебі бір пышақ соққысынан болған және оны Шынасыл жасаған. Сәйкесінше, ол адам өлтіру бойынша кінәлі деп танылған". ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі

Бұзақылық заң бойынша барынша арсыздықпен ерекшеленетiн, күш қолданумен, соның ішінде жеңіл дәрежелі денсаулыққа зиян келтірумен ұштасқан, қоғамдық тәртіпті аса қатыгездікпен бұзу болып танылады.

"Сондықтан жәбірленушілердің денсаулығына, соның ішінде Полаттың, жеңіл дәрежелі зиян келтірген сотталушылардың әрекеттері бұзақылық ретінде сараланған. Шерзат Полатқа соққылар келтірген Белғожаев пен Ильясовтың қолдарында пышақ және оқталған мылтық болғанын ескеру қажет, яғни олар жәбірленушіні сол пышақтың жүзімен ұрып және мылтықпен атуға мүмкіншіліктері болған, бірақ олар пышақтың сабымен және мылтықтың түбімен ұрған". ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі

Жаза тағайындау кезінде сот ҚР ҚК-нің 53-бабында қаралған жеңілдететін мән-жайларды тек Азамат және Нұрбол Тоқтаубаевтарда, Калиахметте (бұл жас балаларының болуын) және Ысқақтың кәмелетке толмағанын ескерді.

Сондай ақ, барлық сотталушыларда, кәмелетке толмағаннна басқа, ауырлататын мән-жай ретінде алкогольдік масаң күйде болуы танылған.

Сонымен қатар сот сотталушылардың жеке басын, олардың бір бөлігінің бұрын сотты болғандарын ескерді. Атап айтқанда:

  • Азамат Тоқтаубаев пен Нұрқияс Ильясовке бұрынғы соттылықтарының өтелмеген жазаларын ескеріп, 15 және 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл мерзімдер, жоғарғы шегіне жақын.
  • Бұзақылық бойынша басқа кінәлілерге заңмен белгіленген жоғарғы мерзімдер - 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Келтірілген моральдық зиянды өтеу үшін жақын туыстарының көзінше аса ауыр қылмыс жасағаны ескеріліп, Шынасылдан 60 миллион теңге, Сакиевтен 30 миллион теңге өндірілді. Басқа сотталғандар мен Сакиевтен бұзақылық жасағаны үшін бірлесіп, 30 миллион теңге өндірілді. Жәбірленушілер кәмелетке толмаған Ы-ға қатысты азаматтық талаппен арызданбаған".ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, сотпен куәлар Д.А.Жақсыгелді, Э.К.Нурбекова, А.М.Казакенов, Ю.Д.Рузбакиевтің әрекеттерінде болуы мүмкін қылмыс құрамына прокурордың назарын аудару туралы жекеше қаулы шығарылды.

Олардың кінәсінің дәрежесін құқық қорғау органдары анықтау қажет.

Аталған сот талқылауы БАҚ өкілдерінің қатысуымен толық ашық және шынайы өткенін атай кету қажет. Барлық сот отырыстары жұртшылық тарапынан жоғары назар аудару жағдайында тікелей эфирде көрсетілді.

"Бұған қарамастан сот тек қана заң нормаларына және әділдік принципін басшылыққа ала отырып, бейтараптылықты ұстанды. Соттың тәуелсіздігі және құқық үстемдігі - сот төрелігінің негізі және ешқандайда бір сыртқы мән-жайлар бұл ұстанымнан тайдыра алмайды. Соттың шешімі істі жан-жақты, толық және объективті қарауға негізделген әрі заңдылықтың және әділеттіліктің талаптарына жауап береді. Жасаған қылмыс үшін кінәлі жазадан бұлтармайды, өйткені заң мен тәртіп тек ғана осындай жолмен қамтамасыз етіледі". ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі

Айта кетсек, 2025 жылдың 5 маусымында Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: