Семей қаласында 26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
Сурет: t.me/dp_abai
Абай облысында полиция қызметкерлері арнайы іс-шара барысында Семей қаласының тұрғыны басқарған Toyota маркалы автокөлікті тоқтатып, оның 26 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша төленбеген айыппұлдары барын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрескел заңбұзушының мойнындағы жалпы қарыз айыппұлдар сомасы 500 мың теңгеден асады.
Барлық құқықбұзушылықтар белгіленген жылдамдықты асыру және бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту деректері бойынша тіркелген, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.
Осыған байланысты, құқықбұзушының автокөлігі қарызы толық өтелгенге дейін арнайы айып тұраңына қойылды.
Бұған дейін зат алмасу үшін Үлкен Алматы айналма жолында тоқтаған екі жүргізушіге 98 мың теңге көлемінде айыппұл салынғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript