Қазақстанда "Заң мен Тәртіп" жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

Жаңа сервис, Заң мен Тәртіп, цифрлық сервис , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2025 18:18 Сурет: polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосымшаның басты бетінде арнайы "Заң мен Тәртіп" түймесі пайда болды. Сол арқылы хабарламаны жедел жолдауға болады. Өтініш беру қарапайым әрі түсінікті.

"Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға төнген қауіп сияқты жағдайлар туралы дабыл бірден полицияға түседі және полиция қызметкерлері хабарлама түскен сәттен бастап әрекет етеді. Осындай түймелер кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланған, бұл сервисті кең аудитория үшін қолжетімді етеді. Жоба ІІМ жүргізіп жатқан ауқымды цифрландыру процесінің бір бөлігіне айналды. Мақсат – полиция мен азаматтар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдету және жеделдету, жедел әрекет ету деңгейін арттыру және көмекті барынша қолжетімді ету". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады. 

Бүгін, 2025 жылғы 23 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында сөз сөйледі. Өз сөзінде Мемлекет басшысы "Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келетінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: